$535.99 €626.36 ₽6.64
×

Павлодар облысында балаларға ерекше экскурсия ұйымдастырылды

25.08.2025ж. 19:00
Павлодар облысында балаларға ерекше экскурсия ұйымдастырылды

Павлодар облысында балаларға ерекше экскурсия ұйымдастырылды. Кішкентай балғындар ата-аналары жұмыс істейтін  Бозшакөл кен байыту комбинатына барды.  70-тен астам бала мыс өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысты. Бұл шара алғаш рет өткізіліп отыр. Экскурсияға  Астана, Павлодар, Екібастұз қалаларында тұратын оқушылар қамтылды.

Гүлсезім Өтемұратова – Астана қаласында тұрады. Оның әкесі  Досмұқан Сәрсенбаев Бозшакөл кен байыту комбинатында жұмыс істейді.  11 жылдан бері  мыс өңдеу цехында еңбек етіп жатыр.  Баласы үшін  әкесінің қандай жерде жұмыс істейтіні қызық болса керек.  Ол осы кәсіпорынға экскурсия ұйымдастырылатын естігенде қатты қуанған.

ГҮЛСЕЗІМ ӨТЕМҰРАТОВА, ОҚУШЫ:

Мен әкемнің жұмысына Бозшакөлге келдім. Мен өте өкінішті болдым. Себебі мен әкемді вахтада жүргенде көре алмаймын деп ойладым. Бірақ, біз зауытқа келгенде қандай бір сиқырмен әкем мені күтіп алды. Мен содан кейін қатты қуанып кетті. Рахмет сіздерге Бозшакөл!

Эскурсия барысында балалар мен ата-аналар  Бозшакөл кен байыту комбинатынының жұмысымен етене танысты.  Кен орнындағы  мыс рудасын қазу барысын тамашалады.  Әрі мұндағы алып жүк көліктерінің  қалай жұмыс істейтінін де көзбен көрді. Тіпті, комбинаттағы  рудадан мысты қалай алатынында да көруге мүмкіндік алды.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАШЕВ, «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» ЖШС ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұндай шара өткізілудің басты себебі, болашақта қазіргі осы кезде бізге келіп, жаңа заманауи технологияларды көрген жас балалар болашақта мамандық таңдауға келгенде осындай кеңдік мамандықтарын таңдауға өз үлесін қосады деген ойдамыз.

Экскурсияға 73 бала мен 66 ата-ана қатысты. Мақсат өскелең ұрпақтың бойында жұмысшы мамандық иелеріне  құрметпен қарап, ата-ананың еңбегін көрсету. Алдағы уақытта  осы секілді ауқымды шаралар өз жалғасын таппақ.