$535.99 €626.36 ₽6.64
×

Қызылорда облысы Ақжарма ауылында жылына бір ойын алаңы салынады

Қызылорда облысы Ақжарма ауылында жылына бір ойын алаңы салынады

Қызылорда облысы Ақжарма ауылында жылына бір ойын алаңын салу дәстүрі қалыптасқан. «AMANAT» партиясының мүшесі, шаруашылық төрағасы Марат Бисенов демеушілік жасап, елдімекенде құны 15 млн теңге  болатын жаңа ойын алаңы салынды. Мұнда жас футболшылар алғашқы ойындарын өткізіп, көрші ауылдағы командалармен өзара сынға түсті. Бұл жастардың тиімді уақыт өткізуіне, ауылдарды көркейтуге мүмкіндік береді дейді партия белсендісі.

МАРАТ БИСЕНОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі деп айтылған Президентіміз.  Сондықтан біз де осы экономикада да, қай сала болсын бірінші кезекте ауылдың халықының әлеуметтік жағдайы жақсы болса сол жердегі жұмыста жүреді, әлеуметтік сала да барлығы жақсы болады. Экономикасы да жақсы болады.