Қазақстанда іске асырылып келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасына бүгінге дейін 10,4 миллионнан астам адам қатысты, хабарлайды Astana TV.
Олардың ішінде 586 мыңға жуығы – еріктілер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ел аумағында мыңнан астам экологиялық акция ұйымдастырылған. Тек биылдың өзінде 767 іс-шара өткізілген.
Жалпы бастама аясында 1,6 миллион тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың гектар аумақ тазартылды. Сондай-ақ жыл сайын 3 миллион ағаш отырғызу жоспарланғанымен, бастама шеңберінде 4,7 миллионға жуық ағаш егілді, – деді спикер.