Бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Оралдық тұрғын жұбайының көзін жою үшін екі миллион теңге ақша төлемек болыпты. Бір жылға созылған сот кезінде Эльвира Еркебаева өзін бұрынғы жұбайы 20 жыл бойы жәбірлеп, ұрып-соққанын жеткізді. Қорлықтан көз ашпаған келіншек амалы таусылып, ақыры күйеуінің көзін жоюға бекінеді. Осылайша танысының көмегімен жұбайын өлтіретін адамды тауып, ақшасын алдын-ала төлейді. Бірақ киллер тапсырысты орындаудың орнына осы қылмыс туралы полицияға хабарлапты. Бұл қастандықты адам өлтіруге оқталған әрекет деп бағалаған сот айыпталушыларға үш жылдан шартты жаза кесіп, оларды сот залында бостандыққа жіберді. Бір қызығы, жәбірленуші азамат өзін өлтірмек болған әйеліне кеңшілік танытып, кешірім берді.