Трамп диктатор емес. АҚШ Президенті журналистерге берген сұхбатында осылай деді. Айтуынша, бүкіл мемлекеттік органдар, штат пен ірі қала басшылықтары оны қаралағысы келеді. Оған себеп, Ақ үй басшысы Вашингтонға және Лос-Анджелеске Ұлттық Ұланды кіргізуі. Трамп, мені диктатор деп атай берсеңдер, сендердің қалаларыңа әскер кіргіземін деп те қорқытты.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мені Чикаго мэры секілді есінен алжасқан біреулер сынға алғанда күлкім келеді. Өзінің қаласы зорлық-зомбылықтың алаңына айналғанында шаруасы жоқ. Оларға көмектесейін десем, айтып отырған сөзі мынау. Мені диктатор дейді. Мен диктатор емеспін. Ақыл-есім түзу.Өз басым, диктаторларды жек көремін. Барлығын жинап алып, қырып тастаса да обалдары жоқ.
Диктаторларды жамандап отырған Трамп, дәл сол сұхбатында Солтүстік Корея басшысын мақтады. Тіпті, өзінің атақты Трамп Тауэр атты зәулім ғимаратының бірін ел астанасы Пхеньянда салмақ. Ең қызығы, бұның барлығын Оңтүстік Корея басшысын қабылдаған сәтте айтқан.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен Ким Чен Ынмен екі рет кездестім. Ол өте ақылды әрі сыпайы адам. Жыл соңына дейін тағы бір рет кездессем деп отырмын. Оны, тіпті, Оңтүстік Кореяның кез-келген азаматынан жақсы білемін. Екі Кореяны да менен басқа ешкім біріктіре алмайды деп ойлаймын. Жақын арада Пхеньянда бір ғимарат салуды қарастырамын.