$533.87 €621.64 ₽6.64
×

Ақтөбенің іргесіндегі Жаңақоныс ауылы өркениеттен тыс қалып отыр

AstanaTV
26.08.2025ж. 19:00
Ақтөбенің іргесіндегі Жаңақоныс ауылы өркениеттен тыс қалып отыр

Ақтөбенің іргесіндегі Жаңақоныс ауылы өркениеттен тыс қалып отыр. Шұрық-тесігі шыққан жол жұрттың жүйкесін әбден жұқартқан. Жауын жауып, күн бораған кезде тіпті қалаға қатынай алмай қалады.

Абай көшесінің тұрғындары көшелеріміз атына заты сай емес деп ашынады. Өйткені қазақтың бас ақынының есімі берілген көшеге бүгінгі күнге дейін жөндеу жүргізілмеген. Жолы шұрық-тесік.  Жарықсыз. Балалар ойнайтын  алаң жоқ. Жаңбыр жауса жағдай тіпті қиындайды. Осыдан үш жыл бұрын жергілікті билік мәселені назарға алып, жоспарға қосқан. Былтыр құрылыс жұмыстары басталыпты. Алайда жұмыс аяқсыз қалған.

 САҒЫНҒАЛИ БЕЙБІТ, ТҰРҒЫН:

Жаңақоныста тұрғаныма 30 жыл болды.30 жылдан бері ештеңе істеген жоқ.новыйда мына гридер-артыңыздағы гридер, совет үкіметі кезінде салынған гридер ғо.

Жаңақоныс Ақтөбеден 15 шақырым жерде орналасқан. Қазір мұнда 14 мыңға жуық адам тұрады. 46 көше бар. Тек онына ғана асфальт төселіпті.

САЛТАНАТ ЕСМҰХАНОВА, ТҰРҒЫН:

3 жыл бұрын бізге мына жақты қазып асфальт жүргіземіз, деді. «Шестихаткадан» автобус кіргіземіз, деді. 4-5 остановқа қоямыз, деді. Жол да жоқ, ақша да жоқ. Бәрі кетті.

САЛТАНАТ ЕСМҰХАНОВА, ТҰРҒЫН:

Күзде балшық басталады. Балдар мектепке барады, келеді, жолдың бәрі балшық. Екінші аяқ киім білмеймін, аяқ киімге не болдық-на самом деле жетпейді. Аяқ киім деген балшықтан табандары түсіп қалған кездері болды.

Жергілікті атқамінерлер мәселені өзінен емес, мердігерден көріп отыр. Компанияға ескерту түрінде хат жолдапты. Енді әліптің артын бақпақ. Іс қозғалмаса сотқа береміз, дейді.

ӘЛІБИ АМАНШИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде 1 мердігер компания - «Жерұйық» компаниясы. Осы жаңақоныс ауылындағы жобаны, осы көшені жарықтандыру бойынша, жолы бар, сонымен қоса абаттандырудың ішінде суағарлары бар. Сұрақ мердігер компанияға мердігер компания өзінің міндеттерін толықтай атқара алмай отыр.

Әкімшілік өкілінің бұл жауабы тұрғындарға медеу болмады. Өйткені, күздің ауылы алыс емес. Бірер күннен соң сабақ басталады. Тұрғындар биыл да жол азабын тартамыз ба, деп қауіптенеді.