«Таза Қазақстан» жобасы аясында жарты жылда жарты миллионнан астам тонна қалдық жиналды. Жаппай экологиялық шаралар ұйымдастырылып, алқаптар тазартылғанымен заңсыз қоқыс үйінділерін түбегейлі жою мүмкін болмай тұр. Жыл басынан бері 3 мыңға жуық заңсыз қоқыс полигонның тек 24 проценті жойылған. Қалдықтарды басқару саласында экологиялық талаптарды бұзып, жеткіліксіз жұмыс атқарғаны үшін қала және аудан әкімдерінің орынбасарларын қоса алғанда 87 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, 12 миллион теңгеден аса айыппұл төлеген.
ЕРБОЛАТ ҚОЖЫҚОВ, ҚР ЭТРМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жою сапасы проблемасы сақталуда. Анықталғандардың 672 объектісі немесе, 24 пайызы ғана жойылды. Әсіресе Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қалаларында жоюдың төмен көрсеткіші байқалады.