Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жетілдіру бағытындағы реформалар алғашқы нәтижелерін бере бастады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел бойынша скринингтік тексеруден өткен азаматтардың саны алғаш рет 4 миллионға жетті, деп хабарлайды Astana TV.
Жаңа тәсілдердің басты бағыты – «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасы аясында медициналық көмекті халыққа жақындату және оны барынша қолжетімді ету.
Скринингтерді жүргізу үшін нысаналы топтар кеңейтіліп, 76 жасқа дейінгі азаматтар қамтылатын болды. Бұл қосымша 1 миллион қазақстандықтың уақытында тексерістен өтуіне жол ашады.