Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев қала жолдарындағы жылдамдық төмендеуі мүмкін екенін айтты, хабарлайды Astana TV.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Комитет ұжымы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қайта қарап жатыр.
"Қазір біз бұл мәселені жұмыс барысында назарға алып, қарастырып жатырмыз. Ал депутаттар каникулдан оралған соң оны бірге талқылаймыз. Мәселе қарастырылып жатыр. Қабылданған шешім туралы қосымша хабарлаймыз", - деді спикер.