$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Сотталушы түрмеде отырып, тағы да бас бостандығынан айырылды

Сотталушы түрмеде отырып, тағы да бас бостандығынан айырылды

Жаза үстіне жаза арқалады. Экстремистік әрекеттерге шақырғаны үшін былтыр бас бостандығынан айырылған Шымкент тұрғыны  түзеу мекемесінде отырып та бұл әрекетін тоқтатпаған. Сотта анықталғандай, ол  биыл сәуір- мамыр айларында  № 54 түзеу мекемесінің аумағында жасырын жиындар жасап,  экстремистік ұйымның көзқарастарына жататын радикалды жазбаларды оқып беріп, жиынға қатысушыларды азғырып көндірген. Сотталушы   кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұраған. Сот оған 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.