$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Трамп Нобель сыйлығын алудан үмітті

Трамп Нобель сыйлығын алудан үмітті

Трамп Нобель сыйлығын алуды аңсап отыр. Тіпті, Украина мен Ресей арасындағы соғысты биылдан қалмай тоқтатқысы келетіні де осы себепті екенін жасырмады. Әлемге бейбітшілікті әкелген басшы, - деп өзін мақтауды қоятын емес. Ал, Ресей бойынша арнайы өкілі – Стив Уиткофф болса, үлкен брифингте Норвегиялық әділ қазыларға қысым жасады.

СТИВ УИТКОФФ, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСЕЙ БОЙЫНША АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

Нобель комитеті айқын жайтты әлі көрмей отырған секілді. Президент Трамп жалғыз лайықты үміткер. Бейбітшілік орнатудағы үлес бойынша берілетін сыйлық беріліп келе жатқан кезден бері осындай жетістікке жеткен қайраткер жоқ.

Трамп Украинаға қолдау жалғасатынын жеткізді. Бірақ, ол үшін АҚШ бір тиын да жұмсамайды. Енді Киев кез-келген қару-жарақты өз ақшасына алуы тиіс.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз енді бұл соғысты қаржыландыра алмаймыз. Бірақ, Еуропалық НАТО-ға мүше елдер бізден үлкен көлемде техника мен қару-жарақ сатып ала бастады. Олар оны Украинаға өздері береді. Осылайша, ең маңызды проблема шешілді. Украина да қарусыз қалмайды, біздің ақша да бос шашылмайды.