$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Құқық пен бостандықтың кепілі – Конституция

27.08.2025ж. 19:00
Құқық пен бостандықтың кепілі – Конституция

Осыдан 30 жыл бұрын тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді айғақтайтын басты құжат - еліміздің Конституциясы қабылданды. Мамандардың айтуынша, Ата заңда азаматтардың құқығы толық ескерілген. Бас құжат заман талабына сай жетілдірілді.  Енгізілген  өзгерістер Парламенттің рөлін арттырып, елді басқару ісіне халықтың ат салысуына жол ашты. Бұл құжат мазмұны жағынан алдыңғы қатарлы дамыған демократиялық елдердің Ата Заңымен тең деңгейде. Әрі Қазақстанның әлемдік аренада құқықтық мәртебесін нақтылайтын маңызы бар. Ал Конституцияның 30 жылдығы - бұл тек мереке емес, алдағы мақсаттарға көз салып, зерделейтін уақыт, дейді мамандар.

ТҰРАР ШАЙХИЕВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Жоғары билікті сайланбалы ұстанымдары, қалай қызмет атқарады, халыққа тәуелділігі, сонымен қатар республика халқының, республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары, мемлекет пен қоғамның негізгі қарым-қатынастарының принциптері бекітілген. Яғни, былай айтқанда, қарапайым тілмен айтқанда кім қалай басқарады және халық не себепті осы басқаруға бағынады. Яғни, халыққа қандай кепілдік береді? Қандай құқық береді осы басқару тиімді болу үшін. Осы сұрақтарға осы Конституцияда жауап берілген.