$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Қызылордада республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті

Қызылордада республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті

Әлеуметтік салаға бағытталған бюджет қаражатының әр тиынын шашпай-төкпей, тиімді пайдалану  керек. Бүгінде оған барлық күш салынуда. Бұл орайда Қызылорда облысы көш басында келеді. Сондықтан да болар Министрлер мен барлық өңірлердегі сала мамандары Сыр еліне табан тіреп, ресбуликалық семинар-кеңесте бас қосты.

Биыл аймақ бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 226 процентке өскен. Оның жартысынан көп бөлігі әлеуметтік салаға бағытталады. Сәйкесінше, бақылау күшейтіліп жүргізілген мониторинг қорытындысымен бірқатар шығыс ықшамдалған. Балабақшаларға дейін Фейс-бақылау  мбильді қосымшасы енгізіліп, 41 млрд теңге үнемделген. Ықшамдалған мұндай қаражат мақсатты жұмсалуда.

ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оңтайландыру жұмыстары соңғы 3 жылда мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында ең үлкен үлесін алып келіп отыр. Нәтижесінде біз 100 млрд теңгеден астам үнемдедік. Бұл қаржылардың заңнамасында әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға бағытталған болатын.

Семинар-кеңесте әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат тиімділігін арттыру, ондағы  маңызды бастамалар талқыланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 350 делегат қатысты. Мұндай жиындар тәжірибе алмасып, жұмыс сапасын арттыруға жол ашады дейді олар.

БАУЫРЖАН ЖАУБАСОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Берілетін әлеуметтік көмектің нақты адамдарға, мұқтажадамдарға жеткізу болып табылады. бәрімізге өзекті мәселе болып жатыр. Қазір көрсетіп жатқанцифпрлық бағыттарды біз қолданатын болсақ, біз едәуір түрде қаражаттыүнемдейміз. Және үнемделген қаражатты басқа керекті салаларға жіберуіміз мүмкін.

Жиынға қатысушылар одан соң қаланың көрікті жерлерін аралап, жаңа нысандардың ашылу салтанатына кәу болды.