$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Аққайың ауылы газға қосылды

27.08.2025ж. 19:00
Аққайың ауылы газға қосылды

233 отбасы енді от жағып, күл шығарып әуре болмайды. Ақмола облысындағы Аққайың ауылына газ жетті. Газ құбырының жалпы ұзындығы 63 шақырым. Жыл басынан бері Нұрлы, Шұбар ауылдарына газ берілсе, жыл соңына дейін тағы 6 елдімекенді табиғи қуат көзімен қамту жоспарлануда. Ең бастысы, тұрғын үйлерді газдандыру кезінде әлеуметтік осал топтар қолдаусыз қалмайды. Оларға 20% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

КҮЛЗАДА МҰҚАЖАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қуанып жатырмыз газ келеді деп. Бұл өте үлкен жұмыс. Тіпті, тамаша болды! Газды мен бірінші болып үйге өткізіп алдым. Қуаныш ұзағынан болсын! Бәріне рақмет айтамын.