Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды жастар жиналды. Олар El Umiti Премиясының финалына жолдама алған. Жасөспірімдерге қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді қысқаметражды фильм арқылы көрсету міндеті қойылған. Бүгін қатысушылар өз жобаларын дайындап, көрерменге ұсынды. Жастар тек мәселені ашып қоймай, оны шешуге тырысыпты
ГҮЛІМ ЖҮСІПОВА, "EL UMITI" ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Жобаға іріктеу кезінде 500 адамдай жастар қатысты. Соның ішінде 21 керемет жастарымыз финалға өтіп, қазіргі кезде өз видеоларын тамашалап жатыр. Қуантқаны көп оқушылар, инклюзия жағына да мән беріпті. Жеңімпаз атанғандар ақшалай сый алады. 500 мың теңгеден, 2 миллион теңгеге дейін болады.
ГҮЛБАҚЫТ ІЗДІБАЙ, ҚАТЫСУШЫ:
Инклюзия және ерекше жандарды қабылдау. Бұл - әлеуметтік ауқымды мәселе. Яғни, қазір де белең алып жатыр. Сондықтан ондай адамдарды өзімізбен тең көруіміз керек. Олар да біз сияқты қарапайым адамдар, тіпті, бізден де мықтырақ. Осы мәселені көтердім.