Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорынның директоры ұсталды, хабарлайды Astana TV.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.
Күдіктілер 25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қылмыстық-құқықтық саясат жөніндегі қызметі мен Қостанай облысы прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобы жүргізген жедел іс-шаралар мен прокурорлық тексерудің нәтижесінде ұсталды.
26 тамызда мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-тармағы 361-бабы 4-бөлігі бойынша басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.