2025 жылғы 25–27 тамыз аралығында Астана қаласында велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы «Елорда туры» ашық чемпионаты өтті, хабарлайды Astana TV.
Жарыс елордалық талантты спортшы Құтжан Бағланды еске алуға арналды.
Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам жас спортшы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай жекелей және топтық сындарда бақ сынады.
Жарыстың соңғы күні – 27 тамызда финалдық кезеңдер өткізіліп, үздік спортшылар анықталды.
Жарыс жеңімпаздары:
11–12 жас ұлдар:
Васильев Алан
Филатов Олег
Ташен Тагир
Қыздар:
Баубек Сара
Қанатбек Нұрай
Марчевская Анастасия
13–14 жас ұлдар:
Филатов Александр
Жапаров Ерсаин
Пахоруков Константин
Қыздар:
Нұрғали Айша
Каиржанова Камелия
Анарбек Айым
15–16 жас ұлдар:
Бралин Мансур
Жунусов Алихан
Бектемиров Бекзат
Қыздар:
Кузнецова Валерия
Ташланова Надежда
Тулеухан Аруана
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар, кубоктар, бағалы сыйлықтар, сондай-ақ командалық есеп бойынша велосипедтер табысталды.
Бұл чемпионат жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, елорданың спорттық дәстүрін дамытуға бағытталған маңызды спорттық іс-шара болды.
Жарыс Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының “Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы”, Астана қаласының велосипед спорты федерациясының қолдауымен және “№6 БЖСМОРСМ” ұйымдастыруымен өткізілді.