Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1093 қолдау кабинеті жұмыс істейді, хабарлайды Astana TV.
Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер, сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 270 ППТК және 110 ПМПК ашылған.