$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы қайғылы оқиға: қылмыстық іс қозғалды

28.08.2025ж. 15:03
Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы қайғылы оқиға: қылмыстық іс қозғалды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды,  хабарлайды Astana TV.

Полицияның мәліметінше, аталған фактіге байланысты "еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адамдардың қаза болуы" бабы бойынша іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратында.