Әлеуметтік желіде онлайн ойындарды жарнамалаған 34 блогер анықталды. Олардың қатарында Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев, Айтмаханов Тәуіржан, Диляра Аманқосқызы және «Niko nett» те бар. Заңсыз әрекеттері үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 23 контент жасаушыға қатысты материалдар Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданды. Кейбірі, тіпті, заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзған. Мәселен, көпшілікке «Baller» лақап атымен танымал хип-хоп орындаушы Шыңғысхан Көпбаев жыл басынан бері бес рет жауапқа тартылды. Ал инфлюенсер Қайсар Қамза телеграм-арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялап келген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
Миллиондаған табысқа кенелген блогерлер айыппұлдарын төлеп, заңсыз әрекетін қайта жалғастырып жүр. Осыған байланысты Агенттік мұндай әрекеттерді ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-тармағы аясында – заңсыз ойын бизнесіне көмектесу ретінде қарастыруға ниетті.