Қостанайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен бірнеше шенеунік қамауға алынды. Күдіктілер медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, кемшіліктер жіберген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен облыстық прокуратураның бірлескен жедел тергеу тобы экс- басшымен қатар аудандық аурухана бас дәрігерін және кәсіпорын директорын ұстады. Ал мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Еске салайық, Данияр Жандаев облыстық денсаулық сақтау басқармасына 3 жыл бұрын тағайындалған еді. Биыл шілде айында өз еркімен қызметінен кетті.