$537.76 €627.62 ₽6.7
×

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше жəне өкілетті елшісі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рəсімі өтті. Президент дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы жəне теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. Жаңадан тағайындалған елшілерді құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ыстық ықыласын жолдады.

САЛЛИ ДЖЕЙН АКСУОРСИ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІСІ:

Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшісі ретінде сенім грамотамды тапсыру мен үшін зор мәртебе. Мен дәстүрге бай және зор әлеуеті бар осындай жарқын елде Ұлыбританияны танытқаныма қуаныштымын!