$537.76 €627.62 ₽6.7
×

Қызылордада соңғы 5 жылда 47 медициналық нысан бой көтерген

Қызылордада соңғы 5 жылда 47 медициналық нысан бой көтерген

Елімізде соңғы 5 жылда Мемлекет басшысының тапсырмасымен 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның 47-сі Қызылорда облысында бой көтерген. Аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында құны 10,7 млрд теңгені құрайтын 27 нысан пайдалануға берілген. Сонымен қатар 4 ауданның орталық ауруханасына қосымша құрылыс салу қолға алынды. Бұл ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді дейді мамандар.

ЖАҢЫЛ ӘБУБӘКІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа санитарлық талаптарға сай, титік қылып салынды. Ол біріншіден, халыққа барған кезде жақсы жерде медициналық көмек алуға. Екіншіден, елді-мекендердегі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып жатырмыз. Сол арқылы біз әр науқастың өмір сапасын жақсарту, мүгедекті азайту, жұмысқа қабілеттілігін жоғалтпауына септігі тиеді.