$537.76 €627.62 ₽6.7
×

Қарағандыда үздік кеншілер марапатталды

28.08.2025ж. 19:00
Қарағандыда үздік кеншілер марапатталды

Қарағандыда үздік кеншілер мен ең мықты шахтерлар әулеттері марапатталды. Сайысты «AMANAT» партиясының облыстық филиалы "Жұмысшы мамандықтары" жылына орай арнайы ұйымдастырған. Марапаттау рәсіміне өз қызметінде ерекше көзге түскен кеншілер мен олардың отбасы шақырылды. Үздіктерге «AMANAT» партиясының «Белсенді қызмет үшін» төсбелгілері, "Құрмет" грамоталары сондай- ақ, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Оларды анықтауда шахтерлардың еңбек өтілі, әулеттің тау- кен саласына қосқан үлесі ескерілген. Бүгін кеншілердің балаларының арасында өткен «Менің әкем шахтер» сурет байқауының жеңімпаздарына да сыйлықтар берілді. Шара барысында бірқатар жас мамандар партия қатарына мүшелікке қабылданды.

ЕРКІН ШӘЙКЕНОВ, КЕНШІ:

Шахтер мамандығы мен үшін өте маңызды. Атамнан бастап маған дейін біз шахтерлар әулетіненбіз. Кеншілердің еңбегі ауыр, әрі жауапты ол барлығына керек. Бұл жұмысым өзіме қатты ұнайды, нағыз еркекке тән жұмыс.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының 3 мыңнан астам мүшесі осы кеншілерден тұрады. Бүгінгі іс шараның негізгі маңыздылығы бұл- жұмысшы мамандық иелеріне ерекше құрмет жасау. «Amanat» партиясының негізгі басты мақсаты еңбек адамдарын құрметтеу, дәріптеу.