$537.76 €627.62 ₽6.7
×

Биыл студенттер саны 30% көп: жатақхана жетіспеушілігі байқала ма?

28.08.2025ж. 19:00
Биыл студенттер саны 30% көп: жатақхана жетіспеушілігі байқала ма?

Жатақхана жетіспеушілігі биыл да байқалады. 17 мыңға жуық талапкер студенттер үйіне зәру. Әсіресе, Астана мен Алматыда жағдай күрделі. Бас қалада 2355 орын жетіспесе, Алматыдағы тапшылық – 8248. Жатақхана құны әр өңірде әртүрлі. Басты мегополистерде айлық ақысы 20 мың теңгеден басталады. Ал, жеке меншік жайлардың қаражатын инвесторлар бекітеді. Бірақ министрлік оларға 40 мыңнан асырмаңыздар деген талап қойып отыр.

ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазір заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік бар. Мұндай жатақханалар Астана, Алматы, Петропавл қалаларында биыл пайдалануға берілді.