$537.63 €622.52 ₽6.69
×

ҰБТ-2025 қорытындысы: талапкерлердің басым бөлігі шекті балдан өтті

28.08.2025ж. 16:31
ҰБТ-2025 қорытындысы: талапкерлердің басым бөлігі шекті балдан өтті

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты, оның ішінде 160,5 мың адам немесе 76,3% жоғары білім алуға қажетті шекті балл жинады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, хабарлайды Astana TV

Мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 мыңнан астамы жоғары білімге арналған.
 

«Конкурс қорытындысы бойынша гранттардың 99% игерілді. Қазіргі кезде барлық ЖОО-ларға қабылдау аяқталды», - деді спикер баспасөз конферециясы барысында.