$537.76 €627.62 ₽6.7
×

Қарағандыда «AMANAT» партиясының белсенділері аулалардан 3 тонна қоқыс шығарды

Қарағандыда «AMANAT» партиясының белсенділері аулалардан 3 тонна қоқыс шығарды

Қарағандыда «AMANAT» партиясының белсенділері аулалардан 3 тонна қоқыс шығарды. «Таза бейсенбі» акциясына еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Бүгін акция Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда өтті. Партия мүшелері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, «AMANAT» фракциясының депутаттары бірлесіп футбол алаңы мен аулаларды, жаяу жүргінші жолдарын тазартты. Қатысушылардың айтуынша акцияға зейнеткерлер мен жастар көп жұмылатын болған. Соңғы кезде халықтың экологиялық мәдениеті қалыптаса бастады,- дейді аманаттықтар.

НҰРСҰЛТАН РЫМБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Әріптестеріміз осында емханада істейтін, «Жасыл ел» бағдарламасында жұмыс істейтін жастар баршамыз бірігіп тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. «Таза Қазақстан» барлығымыздың ортақ үйіміз. Сондықтан сол үйіміздің таза болуы, гүлденуі өркендеуі біздің қолымызда деп ойлаймын.

Алматыда да акцияға  қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Шараның мақсаты – жастарды табиғатты құрметтеуге баулу және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру дейді ұйымдастырушылар.

СЕРІКБОЛСЫН САРЫБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз міне әлеуметтік орталықтың тәрбиеленушілерімен, қызметкерлерімен және белсенді партия мүшелерімен бірге міне ауданымыздың аумағын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгін жалпы 70-адам қатысуда 100 қап қоқыстар шығарылуда.