$537.76 €627.62 ₽6.7
×

«Senat Open» шахмат додасының ақтық сыны елордада өтіп жатыр

«Senat Open» шахмат додасының ақтық сыны елордада өтіп жатыр

Шахматтан дес бермейтін 200-ден астам ойыншы елордада бас қосты. Олар екінші рет өткізіліп отырған «Senat Open» ашық шахмат кубогының финалдық кезеңінде кім мықтыны анықтайды. Жоғарғы палатаның ұйымдастырған додасына әубаста 3 мыңнан астам шахматшы қатысқан. Аймақтарда 5 рет жартылай финал өтті. Іріктелгендері ғана ақтық сынға жолдама алған. Шараның шымылдығын түрген Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы жылдары республикада шахматты дамытуға, ойынды кәсіби және әуесқой деңгейде үйренуге жағдай жасауға айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шахматты дамытуға арналған 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар қабылданды. Парламент Сенаты мен шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырған осы турнир де сол бағытта жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі. «Senat Open» сайысы осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта да бұл бастама ары қарай дамып, игі дәстүрге айналады деп сенеміз.