Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл туралы 2025 жылғы 28 тамызда Мәжіліс сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2025 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген құжат мәтінінде.