$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Президент Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады

01.09.2025ж. 08:28
Президент Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Astana TV.

Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі.