$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Индонезиядағы жаппай наразылық адам өліміне әкелді

01.09.2025ж. 09:04
Индонезиядағы жаппай наразылық адам өліміне әкелді
Фото: 24kz

Индонезияның Макассар қаласында парламент ғимараты өртеніп, үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Astana TV.

Тағы бес адам жарақат алған.

Наразылықтар Жакартада басталып, депутаттарға берілетін тұрғын үй өтемақысына қарсы бағытталды. Халықтың ашуын қымбатшылық пен жұмыссыздықтың өсуі күшейтті. Елдің бірнеше аймағында қақтығыстар жалғасуда. Құқық қорғау органдары жүздеген адамды қамауға алды.