$538.54 €628.31 ₽6.7
×

1 қыркүйекте ауа райы қалай болады?

01.09.2025ж. 09:33
1 қыркүйекте ауа райы қалай болады?

«Қазгидромет» РМК 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Астанада, Көкшетауда, Қарағандыда және Павлодарда өткінші жауын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз ауа температурасы +14…+17°С шамасында болады.

Ал батыс өңірлерінде күн ыстық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Орал, Атырау мен Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +32…+34°С-қа дейін жетіп, жел күшейеді.

Орталық пен оңтүстік өңірлерде күн ашық, Жезқазған, Шымкент, Түркістан және Қызылордада +28…+32°С болады.

Алматы мен таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Жалпы, ел бойынша түнгі температура +6…+13°С аралығында болса, оңтүстікте +20°С-қа дейін жылы болады.