$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Бүгін — Білім күні

01.09.2025ж. 10:13
Бүгін — Білім күні
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін 360 мың бала мектеп табалдырығынан алғаш рет аттайды, деп хабарлайды Astana TV.

Министрдің айтуынша, 2025-2026 оқу жылында елде 7859 мектеп балаларға білім бермек. Ғани Бейсембаев оның ішінде 6387 мектептің жағдайы жақсы екенін айтқан еді. 

— 1 қыркүйектен бастап 7,9 білім беру ұйымында 3,9 млн бала білім алады. Оның 360 мыңы — бірінші сынып оқушылары. Бүгінгі таңда 336 мың бала мектепке қабылданды, — деді ведомство басшысы.

Ал әкімдіктер республика бойынша 1,7 млн баланың мектепте ыстық тамақты тегін ішуіне қажетті қаражатты дер кезінде бөлген. Бұл былтырғыдан 100 мың балаға көп.

Ал министрліктің 29 тамыздағы мәліметі бойынша, «Жалпыға бірдей білім беру қоры» ата-аналар мен заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылған. Бұл әкімдіктердің тізіміндегі 500 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді деген сөз. Биыл бір балаға берілетін ең төменгі төлем мөлшері 46 228 теңге болып отыр. Ал жергілікті мәслихаттардың шешімімен Алматы қаласында бұл сома 55 мың теңге, Жамбыл облысында 53 117 теңге, Павлодар облысында — 53 663 теңге болып белгіленген.