$538.54 €628.31 ₽6.7
×

US Open: Елена Рыбакина жарысты ширек финалға жетпей аяқтады

01.09.2025ж. 12:33
US Open: Елена Рыбакина жарысты ширек финалға жетпей аяқтады
Фото: ашық дереккөзден

Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина төртінші айналымда чехиялық Маркета Вондроушоваға жол берді, деп хабарлайды Astana TV.

Матч 1 сағат 51 минутқа созылды. Рыбакина 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың жартысын пайдаланды. Вондроушова 13 эйс және 5 брейкпен көзге түсті.

Вондроушова енді жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Бұған дейін US Open-де Александр Бублик пен Анна Данилина да іріктеу кезеңдерінен өткен еді.