Министр қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.
Ғани Бейсембаев Instagram-дағы парақшасында Білім күнімен құттықтауын жеткізіп, жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырғанын айтты.
«Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін! Білім күні құтты болсын!» — деп жазды Бейсембаев.