$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Алматыдан Ақтауға ұшқан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

01.09.2025ж. 14:37
Алматыдан Ақтауға ұшқан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: Air Astana

Алматыдан Ақтауға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Astana TV.

“31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере, техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Осыдан кейін ол қауіпсіз эшелонының көмегімен Ақтау әуежайына аман қонды”— деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.