Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты, деп жазады Astana TV.
Ауғанстан мемлекеттік теле-радиокомпаниясының хабарлауынша, шамамен 1000 адам жарақат алды.
Магнитудасы 6-ға жететін жер сілкінісі елдің солтүстік-шығысындағы Кунар провинциясында, Пәкістанмен шекараға жақын жерде жексенбі күні жергілікті уақытпен 23:47-де болды, деп хабарлады Неміс Жерді зерттеу орталығы.
Одан кейін әлдеқайда аз қуатты дүмпулер тіркелді.
Ауғанстан билігі зардап шеккендерге көмек көрсету қиын болғанын, себебі бұл аймаққа жету қиын екенін айтты.
Екі жыл бұрын Ауғанстанда магнитудасы 6,3-ке жететін жер сілкінісі болып, БҰҰ мәліметі бойынша шамамен 1500 адам қаза тапқан еді.