$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты

01.09.2025ж. 16:43
Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты
Фото: ашық дереккөз

Ауғанстанда болған қуатты жер сілкінісі ауыр зардаптарға әкелді, деп жазады Astana TV.  

Мемлекеттік теле-радиокомпанияның дерегінше, табиғи апаттан кемінде 800 адам қаза тауып, тағы шамамен 1000 адам жарақат алған.

Қазіргі таңда апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қираған ғимараттардың астында адамдардың қалып қою қаупі жоғары болғандықтан, құрбандар санының артуы ықтимал.