$538.54 €628.31 ₽6.7
×

ДСМ ата-аналарға ескерту жасады

01.09.2025ж. 17:10
ДСМ ата-аналарға ескерту жасады
Фото: ortcom.kz

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жазғы еркіндіктен оқу тәртібіне біртіндеп көшуі маңызды екенін атап өтті, деп жазады Astana TV

Мамандар кеңесі:

  • Баланы ұйқыдан ояту мен жатқызу уақытын тұрақтандыру;
  • Күн тәртібіне тамақтану, сабақ, демалыс пен ойын уақытын енгізу;
  • Ұйқы сапасына, дұрыс жарықтандырылған және ыңғайлы оқу орнына көңіл бөлу;
  • Гаджеттер мен теледидар алдында өткізетін уақытты шектеу.

Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс ұйымдастырылған күн режимі оқушылардың шаршауын азайтып, жүйке жүйесін нығайтады.

Күн тәртібінің негізгі бөліктері:

  • Оқу және үй тапсырмасын орындау;
  • Ашық ауадағы белсенді ойындар мен серуен;
  • Теңгерімді әрі уақытылы тамақтану;
  • Жасына сай толыққанды ұйқы;
  • Хобби мен қызығушылықтарға арналған еркін уақыт.

Бастауыш сынып (1–2 сынып) – 1,5 сағаттан аспауы тиіс;

  • 3-4 сынып – 2 сағатқа дейін;
  • Жоғары сыныптар – күніне 3–4 сағатқа дейін, әр 40 минут сайын үзіліс жасау қажет.

Сонымен қатар баланың тәуліктік физикалық белсенділігі кемінде 2 сағат болуы тиіс. Бұл – таңғы жаттығуды және серуенді қоса алғанда.

Мамандардың кеңесі бойынша, оқушылар күніне 4–5 рет тамақтануы керек, аралығы 3,5–4 сағаттан аспауы қажет. Ұйқының жеткілікті болуы оқу үлгерімі мен психологиялық тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

Дәрігерлер қазіргі балалардың экран алдында тым көп уақыт өткізетінін атап өтті.

Міндетті шектеулер:

  • Күнделікті ойын-сауық мақсатындағы экран уақытын 2 сағаттан асырмау;
  • Компьютермен жұмыс кезінде үзіліс жасау;
  • Ұйқыға жатар алдында 1 сағат бұрын барлық гаджеттерді өшіру;
  • Құрылғыларды жатын бөлмеге қоймау.

Сонымен қатар ата-аналарға «цифрлық ережелер» орнату және балаларға үлгі болу ұсынылады.