$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Бельгия Қазақстанға қарсы ойнайтын құрам тізімін жариялады

01.09.2025ж. 17:31
Бельгия Қазақстанға қарсы ойнайтын құрам тізімін жариялады
Фото: ҚФФ

Еліміздің ұлттық құрамасы аталған қарсыласымен 7 қыркүйекте қазақстандық уақытпен 23:45–те Бельгия астанасы Брюссель қаласындағы «Лотто Парк» стадионында кездеседі, деп жазады Astana TV.

Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Майк Пендерс («Страсбур»), Матц Селс («Ноттингем Форест»), Маартен Вандевоордт («РБ Лейпциг»);

Қорғаушылар: Тимоти Кастань («Фулхэм»), Зено Дебаст («Спортинг»), Максим Де Кейпер («Брайтон»), Кони Де Винтер («Дженоа»), Брэндон Мехеле («Брюгге»), Тома Менье («Лилль»), Йоакин Сейс («Брюгге»), Артюр Теате («Айнтрахт»);

Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брёйне («Наполи»), Николас Раскин («Рейнджерс»), Юри Тилеманс («Астон Вилла»), Ханс Ванакен («Брюгге»), Шарль Ванхаутте («Юнион»);

Шабуылшылар: Миши Батшуайи («Айнтрахт»), Шарль Де Кетеларе («Аталанта»), Жереми Докю («Манчестер Сити»), Малик Фофана («Олимпик Лион»), Диегу Морейра («Страсбур»), Лоис Опенда («РБ Лейпциг»), Алексис Салемакерс («Милан»), Леандро Троссар («Арсенал»).

Екі құрама қазірге дейін алты мәрте кездесті. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында қазақстандық футболшылар қарсыласына есе жіберді.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 3 ойыннан кейін Уэлс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, төртінші орындағы Қазақстанның 3 ұпайы бар. Олардан басқа аталған топта Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн бар.