Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды, деп жазады Astana TV.
Мемлекет басшысының сапары Бейжіңде жалғасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.