Кездесу барысында командалар бастапқы минуттан тартысты ойын өткізді, деп жазады Astana TV.
Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңді қазақстандық команда белсенді бастады. Нәтижесінде 22-минутта «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий әріптесі Әлихан Өмірбековтің пасын шебер пайдаланып, команданы алға шығарды. Одан кейін 22-минутта Джейк Масси елордалық клубтың басымдығын арттырды.
Оған 29-минутта «Сибирь» құрамынан Скотт Уилсон бір голмен жауап қайырса, 58-минутта «Барыс» шабуылшысы Әлихан Әсетов қорытынды есепті белгіледі. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Енді екі команда арасындағы тағы бір ойын 2 қыркүйекте 18:00-ге белгіленген.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.