2025 жылдың I жартысында халыққа жаңа несие беру өсімі екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды Astana TV.
Қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, негізгі себептердің бірі – халықтың нақты табысының 2,6% азаюы.
Банктердің бөлшек портфелі жарты жылда 9,1% өсті (бір жыл бұрын – 9,9%). Клиенттер саны 55 мыңға ғана артты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе төмен.
Сұраныс динамикасы:
Қауымдастық сарапшыларының болжамынша, үшінші тоқсанда ипотека мен кепілсіз қарыздарға қызығушылық азаяды. Ал автонесиелер мен кепілмен берілетін қарыздар қалыпты өсуді жалғастырады.