$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Қазына қаржысын құмар ойынға салған

Қазына қаржысын құмар ойынға салған

Астанада сот орындаушылары 26 млн теңгені жымқырған,-деп хабарлайды Astana TV.
Қалалық прокуратура екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлды өтеуге арналған қаражатты жымқыру фактілерін анықтады.

Тексеру нәтижесінде олардың екі жыл бойы сот актілерін орындап, мемлекет қазынасына аударылуы тиіс қаражатты жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға пайдаланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған.