$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Енді әйелдер күйеуінің картасынан ақша шешіп ала алмайды

Енді әйелдер күйеуінің картасынан ақша шешіп ала алмайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтуынша,  жақында банк карталарын пайдалану бойынша шектеу шаралары қабылданды. Бұл дропперлікпен күрес аясында қолға алынған,-деп хабарлайды Astana TV.

"Карталар есірткі саудасына байланысты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін жиі қолданылады, яғни бұл есірткі дропперлері болған. Сол себепті банк карталары бойынша бірқатар қатаң шаралар қолға алынды. Яғни, бір адамға бір банктен 10 картадан артық рәсімдеуге болмайды деген шектеу енгізілді. Бір адамның атына 200-ден астам карта рәсімделген жағдайлар да кездесті және бұл дропперлер еді. Біз арнайы тізім жасадық, оған бірнеше мың адам енгізілді", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Банк карталарын пайдаланушылар "сұр тізімге" тексеру кезеңінде енгізіледі. Егер оның дроппер екені анықталса, ол қара тізімге еніп, шоты бұғатталады.