Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
3018
Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті

Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті. Тұңғыш рет өткен шараға тірек-қимыл қозғалысы қиын және көз жанарынан айрылған 30-ға жуық азамат атсалысты. Олар асық ату мен тоғызқұмалақтан бақ сынасты.  Ұлттық ойындар - кемтар жандардың рухын көтеріп, жанына жігер береді, - дейді әлеуметтік шараны ұйымдастырушылар.

Турнир тартысқа толы болды. Қоларбаға таңылған азаматтардың біразы асық атудан алдына жан салмауға тырысты. Ал зағип жандар арасында тоғызқұламалақ ойнап, қарсыласын тұқырта жеңгендер аз болмады. Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен ақшалай сыйлық тағайындалған. Айта кетейік, бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тек шахматтан жарыс өткізіліп келген еді. 

Мардан Сазанбаев, жарысқа қатысушы:

Бала кезде бізде жай қойдың асығы болды, сонымен ғана ойнайтын едік. Бірақ та көп уақыт өтіп кетті. Содан бері Қостанайда бірінші рет қатысып жатырмын.