$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Қазақ Ұлттық университетінде «Цифрлық технологиялар және робототехника» орталығы ашылды

Қазақ Ұлттық университетінде «Цифрлық технологиялар және робототехника» орталығы ашылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-инновациялық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытайдың үздік 10-дыққа кіретін Jiangsu Huibo Robotics компаниясымен бірлескен «Цифрлық технологиялар және робототехника» орталығы ашылды.

Сондай-ақ «Юань Чжэнь» инвестициялық және даму компаниясымен ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу бойынша стратегиялық келісімге қол қойылды. Бұл бастамалар жасанды интеллект, робототехника және цифрлық трансформация саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Заманауи зертханалар мен шынайы өндірістік алаңдардың көмегімен студенттер болашақта дайын инженер ретінде елдің технологиялық дамуына үлес қоса алады.

ӘМІРХАН ТЕМІРБАЕВ, ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КЛАСТЕРІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы шеберханадан өткен студенттер ертең өндіріс орындарына барса олар дайын маман болып барады ғой. Мақсатымыз сол біздің.  Біздің осы шеберханамыз шынайы модельдік фабрика болып табылады және де Қазақ ұлттық университеті студенттеріне практикалық алаң.