Елде жол-көлік оқиғасы жиіледі. Мас жүргізушілердің кесірінен жыл сайын жүздеген адам өмірімен қош айтысады. Сенат депутаты Марат Қожаев Парламенттің бірлескен отырысында осы мәселеге тоқталды. Халық қалаулысы органда жұмыс істеген кезінде мас күйде көлік жүргізгені үшін қолданылатын жауапкершілікті жұмсарту туралы айтып еді. Бірақ қазір қоғам өзгерген дейді. Қатал тәртіп болмағаннан кейін бұзушылық көбейіп кеткенін айтады. Сондай-ақ «есірткі тасымалдағандар рақымшылыққа іліне ме?» деген сауалға жауап берді.
МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Өткен сессияда есірткі тасымалына рақымшылық беру мәселесі қаралды. Нақты Заң қабылданды. Ал мас жүргізушілерге келсек, бұл заң бірден қатаңдатылған жоқ. Бірінші айыппұл салдық, жарты жылға, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырдық. Бірақ нәтиже болмады. Жол апаты көбейіп кетті. Қазір қатаң шаралар қабылдана бастады.