$539.55 €627.55 ₽6.7
×

10-дағы жеткіншек ауруханаға барар жолда, жедел-жәрдем көлігінде қаза тапты

10-дағы жеткіншек ауруханаға барар жолда, жедел-жәрдем көлігінде қаза тапты

Атырауда жолаушылар мінген  қоғамдық көлік баланы қағып кетті. 10 жастағы жеткіншек ауруханаға барар жолда,  жедел-жәрдем көлігінде қаза тапты. №6 автобустың 50 жастағы жүргізушісі  қоғамдық көліктің алдын орап, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан баланы байқамай қалған. 

БАҒЫТЖАН БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, БАС МЕХАНИК:

65 маршрут аялдамада тұрған ғой, ана бала алдынан  жүгіріп шыққан екі бала.  Біреуі өтіп кеткен. Біреуі ортада тұрып қалған. Машинаның ешқандай ақауы жоқ. Енді қазіргі техникаға сенім жоқ қой. Бірақ ана жерде қалай болғанын  жүргізушіден сұрасам, жүргізуші кішкене  қорқып тұр.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты қылмыстық  іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары  жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.