5 мың теңгелік банкноттарыңыз болса өткізуге асығыңыз. Өйткені қызыл қағаздың құны болмай қалады. 2011 жылғы үлгісі қолданыстан шығарылады. 24 қыркүйекке дейін уақыт берілді.
АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Қалтаңыздағы 5000 теңгелікке назар аударып көрдіңіз бе? 2011 жылғы ескі үлгі болса, санаулы күндерден кейін бұл ақшаны дүкен де, такси де қабылдамайды. 3 аптадан кейін бұл қағаз ақша төлем құралы болмайды.
Қазір айналымда 80 миллионнан астам 5 мың теңгелік бар. Оның басым бөлігі 2011 жылғы үлгі. Банкнот 14 жыл бойы айналымда жүрді. Бұл уақыт аралығында миллиондаған қолма-қол төлем жасалды. Кейін Ұлттық банк қорғаныс элементтері күшейтілген жаңа үлгіні шығарды.
АСАН АХМЕТЖАН, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Банкноталардың айналымда қатар жүретін уақыты аяқталғаннан кейін, яғни биылғы жылдың 25 қыркүйегінен бастап барлық екінші деңгейлі банктер мен қазпошта банкноталарды жаңа үлгіде 3 жыл бойы айырбастайды. Ал ұлттық банктің филиалдары оларды мерзімсіз қабылдай береді.
БЛИЦ:
- Ескі 5 мыңдықтарды қазір кем де кем көріп жатырмыз. Көбіне наличка ақша да жоқ қой қазір.
- Біздің ата аналар жалпы наличка ұстайды ғой. Шыққанын естіген жоқпын, бірақ айту керек иә.
Өткен жылы ел бойынша мың жарымға жуық жалған купюра тәркіленген. Оның басым бөлігі дәл осы 5000 теңгеліктер екен.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:
Шығарылған купюралар көп жылдай халықтың арасында таралып кететін болса, оның ішінде жалған ақшалардың факторлары көп кезігеді. Кейбір жағдайда осындай жалған ақшаларды нарықтан ығыстырып шығару үшін, мысалы қазіргі соңғы уақытта 5 жылғы купюраларды көп қолданып жатыр. Жалған ақша шығарушылар сол заманауи жасалған дүниелерді ауыстырып үлгере алмайды.
АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Ұлттық банктің сақ стилінідегі жаңа банкнотын оңай тексеруге болады. Елтаңбаның алтын бедерлі бейнесі, қолға жақсы сезілетін шығыңқы элементтер, микрооптикалық үзік-үзік екі түсті қорғанысы, стилденген бүркіттің алтын бейнесі, наминалы 5 мыңдық су тамғы белгісі. Сақ стиліндегі бүркірт бейнесіндегі түсі өзгермелі спарк элементі бар. Бейнелер ультакүлгін сәуледе жарқырайды.